23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен


Оның басқа қылмыстарға қатысын тексеру кезінде дәл осындай тағы 10 ұрлық әрекетін жасағаны анықталды. Ол барлық ұрлау операциясын бір сызба негізінде жүзеге асырып отырған.

Ол пластикалық терезесі бар үйлерді, ұтымды уақытты таңдап, пәтер ішіне терезеден кіріп кетіп отырған. Ұрлық негізінен күндізгі уақытта, 09.00 мен 18.00 арасында болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жетіпті. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.