“24 күн комада”: Экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды

Бұл туралы экс-депутаттың өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасы, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туыстарын танып отыр.

Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусаев Гамзат бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда”, - деп жазды Бақытжан Базарбек.

Еске сала кетейік, жол апаты тамыз айында Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында орын алған.