24 қараша күні түнде Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кораблі ұшырылады - ФОТО

Ұшуға бекітілген негізгі құрамға «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Антон Шкаплеров,  «Союз ТМА-15М» БҒК (ЕКА)  1-бортинженері Саманта Кристофоретти  және «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 2-бортинженері (НАСА) Терри Вёртс кірді.

Олардың дублерлары «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Олег Кононенко, «Союз ТМА-15М»БҒК  (ДжАКСА) 1-бортинженері Кимия Юи, және «Союз ТМА-15М» БҒК (НАСА) 2-бортинженері  Челл Линдгрен болып бекітілді.

«Союз ТМА-15М» көліктік басқарылатын кораблімен «Союз-ФГ» зымыраны 24 қараша күні түнде Астана уақыты бойынша сағат 03:01 минутқа жоспарланды.