«Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні. 1955 жылғы ақпанның 12-інде КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.
1960 жылғы қазанның 24-інде М.Янгель құрастырған Р-16 атты жаңа континентаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармаймен жабдықталған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге рұқсатсыз қосылып кеткен. Осының нәтижесінде өрттен және жанармайдан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың ішінде артиллерияның бас маршалы М.Неделин, полигоннан сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташев бар. Бүгінде олардың есімдері Байқоңыр қаласындағы көшелерге берілген.
Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. 1945 жылы 51 мемлекет қол қойған және бекіткен БҰҰ Жарғысы күшіне енді. Бүгінде БҰҰ-ға 192 мемлекет кіреді. АҚШ осы ұйым бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.
Бүкіләлемдік даму мақсатындағы ақпарат күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі.
Қарусыздану апталығы. Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі мен Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының шешімімен қазанның 24-і мен 31-і аралығында жыл сайын атап өтіледі.
Замбия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік жариялаған күні (1964).Замбия - Орталық Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Конго Демократиялық Республикасымен, Танзаниямен, шығысында Малавимен, оңтүстік-шығысында Мозамбикпен, оңтүстігінде Зимбабве, Ботсвана, Намибеймен, батысында Анголамен шектеседі. Астанасы - Лусака қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - квача.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1996) Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
13 жыл бұрын (2000) Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
7 жыл бұрын (2006) Қарағандыда «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігінде қазақстандық өнер қайраткерлері мен табиғат қорғау белсенділерінің «Киіксіз далалық жер - келінсіз той тәріздес» жобасы аясында «Бөкен туралы сага» мультфильмі және «Қазақстан даласының кереметтері» оқу құралының тұсаукесері болып өтті. Экологтардың мәліметі бойынша қазақ даласында жиырма жыл бұрын бір жарым миллион киік өмір сүрген болатын, ал 2005 жылы бар әлемде олардың саны небары 55 мыңды құраған.
8 жыл бұрын (2005) Павлодар мемлекеттік педагогика институтында жаңа жайлы қоныс - Студенттер үйі ашылды. Бұл еліміздің жоғары оқу орындарындағы пәтер үлгісіндегі бірден-бір жатақхана. Жатақханада тұруға рұқсатты облыс әкімі грантының иегерлері бірінші болып алды. Олар Студенттер үйінде тегін тұрады.
6 жыл бұрын (2007) Алматыда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Әлемдік классика» сериясымен жарық көрген «Экономика» және «Адамзат ақыл-ойының қазынасы» сериясымен жарық көрген «Психология» атты қос 10 томдықтың таныстырылымы өтті.
4 жыл бұрын (2009) «Байқоңыр» ғарыш айлағында оттегі-азот зауыты іске қосылды. Ол зымырантасығыштарды ұшыру үшін отын компоненттерін өндірумен айналысатын болады.Зауыт жылына екі рет - күздің екінші жартысында және қыстың аяғында іске қосылады.
4 жыл бұрын (2009) Астанада халқымыздың көрнекті қаламгері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, профессор-ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған мемориалдық тақта орнатылды.
Ақселеу қай бағытқа ізін салса да, өзінің ерекшелігімен, ұтқыр ойларымен, биік парасаттылығымен айрықша көзге түсетін. Жан-жақты, қарымды қаламгер болатын. Оның қаламынан 30-дан астам көркем, ғылыми-танымал монографиялар мен кітаптар жарық көрген.
Көрнекті қоғам қайраткері әр жылдары «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жұмыс істеген. «Зерде» журналының және «Әлем» альманахында бас редактор болған. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, Ы. Алтынсарин атындағы Білім беру институтының директоры, Қазақ ұлттық білім беру академиясының бірінші президенті, Президенттік мәдениет орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Өмірінің соңына дейін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры болды.
4 жыл бұрын (2009) Астанадағы № 54-ші қазақ мектеп-лицейі көрнекті ғалым, белгілі қайраткер, марқұм Ақселеу Сейдімбектің есімімен аталған.
№54 мектеп-лицейі Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген алғашқы мектеп және ол барлық жағынан заманауи талаптарға сәйкес келеді.
4 жыл бұрын (2009) Бурабайда Абылай хан атындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің экспозиция кешенінің ашылуы барысында Тарихта «Шаңды жорық» деген атаумен қалған оқиға Бурабайдағы Абылай хан мұражайының бір қабырғасына безендірілді Абылай хан алаңындағы айтулы кешен тақырыптық жазулардан, «Әскери кеңес» сәулет композициясынан, ақпараттық стендіден тұрады. Игілікті істің ұйытқысы болған ҚР Президентінің Іс басқармасы мен «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы. Кешеннің басты мақсаты - кең көлемді, танымдық, идеологиялық және отансүйгіштік рухтағы тәрбиелік жұмыстарды атқаруды көздейді.Сонымен қатар жас буынды Қазақстанның бай тарихынан, мәдениетінен хабардар етіп, өңірде туристік кластерді кеңінен өрістестуге бағытталған.
177 жыл бұрын (1836) Филлипс сіріңкеге патент алды.
127 жыл бұрын (1886) Менделеев атындағы Ресей химиялық қоғамы құрылды.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЖЫЛҚЫШИЕВ Қойшығұл дүниеге келді.
Атырау облысының Индер ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. Қазір «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. Республикалық «Махамбет» қорының тете-президенті. Ақынның «Тұңғыш», «Мұң-кітап», «Асаукер» атты жыр жинақтары жарық көрген. М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған. «Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген.
89 жыл бұрын (1924-1993) Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
МЫРЗАТАЕВА Мәриям Нұғыманқызы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарақамыс ауылында туған.
Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтын бітірген.
1948-1953 жылдары - Есіл ауданы Еңбек орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1953-1955 жылдары - М.Жұмабаев атындағы ауданы Еңбекшіқазақ мектебінің мұғалімі. 1955-1982 жылдары 2-қазақ мектеп-интернатының мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстанның ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
39 жыл бұрын (1974) «Ұлттық аккредитация орталығы» ЖШС бас директоры НҰРАШЕВТимур Бекболатұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
Қазіргі қызметінде - 2010 жылдан.
103 жыл бұрын (1910-1987) ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткеріДАРҚАНБАЕВ Темірбай Байбосынұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Қарабалық ауданында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және КСРО Ғылым Академиясы жанындағы биохимия институтының (қазіргі Микроорганизмдердің физиология және биохимия институты) аспирантурасын бітірген.
1941-1946 жылдары - КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі. 1946-1970 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінде оқу ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі және ректоры. 1972-1983 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының биологиялық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы. 1983-1987 жылдары - Молекулалық биология және биохимия институтында дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ол Қазақстан бидайының тағамдық маңызы мен технологиялық қасиеттеріне баға беріп, олардың құрамындағы белоктардың түзілу және кебу заңдылықтарын анықтады. Ол бидай дәнінде амилаза ферментінің жасырын түрде кездесетінін дәлелдеп оның биосинтезін зерттеген. Амилаза ферментінің, глиадиндермен қатар, бидай сорттарының сапалық көрсеткіші бола алатындығын анықтаған.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1964) ҚР Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары ӨСКЕНБАЕВҚайырбек Айтбайұлы дүниеге келді.
Целиноград қаласында туған. 1986 жылы «Тергеу криминалистикасы» мамандығы бойынша ҚСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, 1988 жылы - экономист-менеджер мамандығы бойынша Ақмола аграрлық университетін, 2004 жылы - Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
2005 жылғы наурыз айында АҚШ-тағы Йель университетінде мемлекеттік бағдарлама бойынша оқыды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1991 жылғы қазаннан бастап 1993 жылғы сәуір аралығында Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналды жеке меншік бөлімінің меңгерушісі,
1993-1999 жылдар аралығында Ақмола мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі аумақтық комитеті заң бөлімінің бастығы, Ақмола мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеті жекешелендіру бюросының директоры, Ақмола облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған, Ақмола мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі аумақтық комитеті төрағасы болған.
1999 жылғы қыркүйектен 2004 жылғы желтоқсан аралығында «Астана қаласы коммуналдық меншік қоры» МКК, «Астана қаласының коммуналдық меншік басқармасы» ММ директоры лауазымдарын атқарған.
2004 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бірінші вице-министрі.
«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.
72 жыл бұрын (1941) КСРО-ның және Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігіҮРМҮРЗИНА Гүлшара Ғазизқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, Алматы қалалық клиникалық ауруханаларында дәрігер-ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері болған. 1986-1987 жылдары - Қазақ КСР Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамы Орталық комитетінің төрағасы. 1987-1991 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары. 1991-1995 жылдары - Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 1995-1998 жылдары - Міндетті медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық бөлімшесінің директоры. 1999-2006 жылдары «Хоспис» РМҚК-ның директоры. 2006 жылдан бастап зейнет демалысына шыққан.
381 жыл бұрын (1632) нидерланды натуралисі, микроскоп жасаушы, ғылвыми микроскопияның негізін салушы Антони ван ЛЕВЕНГУК дүниеге келді.
131 жыл бұрын (1882) венгр композиторы, кең таралған оперетталардың авторыКАЛЬМАН Имре (Эммерих) дүниеге келді.
102 жыл бұрын (1911-1987) кеңестік эстрада және театр актері, режиссер, сценарист, сықақшы, КСРО халық әртісі РАЙКИН Аркадий Исаакович дүниеге келді.