24 жасар блогер Damelya Sweet әкесіне көлік сыйлады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Киножұлдыз көлікті өзінің туған күнінде тосынсый етіп берді. 

“Менің әкемнің түрі суық болғанымен, оның жүрегі өте жұмсақ. Жұмыстан үнемі маған тәттілер алып келеді. Әр күн сайын әкем мен анам үшін дұға етемін. Менің шығармашылығымды қолдайды. Шетелге оқуға кетіп бара жатқанда, “Қызым, саған сенеміз! Не істесің де өзің біл” деді. Қандай қате жасасам да, “Адам болғасын қателесесің” деп жұбатты. Үнемі анама қымбат сыйлық жасайды екенмін. Әкеме де беріп жатсам, “Қой, ондай қымбат сыйлығың керек емес” деп бас тартады. Бүгін туған күнімде әкеме көлік сыйлаймын. Негізі оның туған күні 24 тамыз еді. Отбасы жағдайына байланысты дәл туған күнінде бере алмадым. Әке, бәріне рақмет!”, – деп жазды актриса. 

Еске салайық, актриса алғаш рет ата-анасының кімдер екенін айтқан еді. 

“Әкем министр емес. Ондай қауесет қайдан шыққанын білмеймін. Адамдар әкемнің кім екенін, оның тегін тауып алды. Ол жалдамалы жұмысшы, компаниядағы қарапайым қызметкер. Бірақ адамдар бас директор болса, министр болып кетті деп ойлайды. Ол ешқашан мемлекеттік қызметте болмаған. Толық аты-жөні – Бектұрсынов Нұрлы Асылбекұлы. Бірінші рет айтып тұрмын. Анам – жоғарғы математика пәнінің оқытушысы”, – деген еді киножұлдыз.