Апелляциялық шағымды Алматы қалалық соты апелляциялық коллегиясының судьясы Ишеев Ардақ шығарды.
Осыдан бір ай бұрын істің басты фигуранты Жан Алагөзов сот үкімін жұмсартуды өтініп, апелляцияға берген болатын.
Алагөзовпен қатар осы іске қатысы бар Әлиев та сот үкімін жұмсартуды сұрап шағымданған болатын. Сот шешімімен оған қатысты алдыңғы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, жан түршігерлік оқиға биыл наурызда орын алды. 24 жасар Саида Ибраимованың өртелген денесі қаланың сыртынан табылды. Кейін қандықол қылмысқа барған үш жігіт ұсталды. Сот шешімімен Жан Алагөзов - 17 жылға, Әлібек Ералиұлы - 4 жылға, Гавгаз Әлиев 18 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.