Облыстық прокуратура аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін хабарланғандай, тергеуші өткен сәрсенбі күні жұмыс кабинетінде өзін-өзі атып тастаған. Бастапқы болжам бойынша, бұған оны отбасындағы кикілжің итермелеген көрінеді. Әйел үстелдің үстіне хат жазып қалдырған көрінеді.
Тергеушінің күйеуі полиция қызметкері болып табылады.