34 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланған болатын. Құжат жаңа тарихымыздың бастауы болып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің, өзара құрмет пен түсіністіктің негізін қалады. Бүгінде жаңа тарихи кезеңде, бұл күн халықты біріктіріп, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға және нығайтуға ықпал етуге арналған.
Әрбір қазақстандық үшін маңызды осы күні сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бірлік пен тұтастық, барлық игі жоспарыңыздың орындалуын және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз! Ал Отанымыз – Қазақстан Республикасында ашық аспан салтанат құрып, өсіп-өркендей берсін!