25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасы автокөліктер мен жүк тасымалы үшін жабылады

2026 жылғы 25 қыркүйек, жұма күні Қытайда "Күз ортасы мерекесінің" аталып өтуіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан бағыттарын алдын ала жоспарлап, аталған шектеулерді ескеруді сұрайды.

"Күз ортасы мерекесі" – отбасы бірлігі мен толған айға арналған Қытайдың басты дәстүрлі мерекелерінің бірі.

15 қыркүйекте МКК Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" автомобиль өткізу бекетінде Ресейге бет алған 160-қа жуық жүк көлігі жиналып қалғанын хабарлаған еді. Бұған Ресейдің "Сағаршын" өткізу бекетіндегі жөндеу жұмыстары себеп болған.

Автор: Caravan.kz