25 қыркүйекте Алматыда ХІХ Республикалық театрлар фестивалі басталады

ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, биылғы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ХІХ Республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылады.

Аталған фестивальге еліміздің республикалық және облыстық театрлары Қазақстанның жетістіктерін, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін отансүйгіштік тақырыбындағы отандық авторлардың шығармасы бойынша соңғы екі-үш театрлық маусымда сахналанған үздік қойылымдармен қатысуы жоспарланған.

Фестиваль қойылымдарының көпшілігі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі.