25 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Тек республикамыздың солтүстік, шығыс және оңтүстік аймағында  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты  жауын-шашын болып, найзағай күтіледі, жел күшейеді.  Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с  болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының   кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, жел  15-20 м/с күшейеді.  Қарағанды мен Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Ақтөбе облысының бірқатар жерлерінже жоғарғы өрт қаупі сақталады.