25 жыл бойы Қытайда ырғалған қазақ енді ол жақта қысқан кезде ойланып жатыр - Тоқтар Жақаш

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш осы мәселеге қатысты алабөтен ойын айтыпты. Caravan.kz медиа-порталы бұл пікірді қаз-қалпында жариялауды жөн көрді.

Қытайдағы ұйғырға жағдай жасамай-ақ "Қазақстанға көшіңдер!" десе, 5 жылда-ақ ит-мысығы қалмай көшіп келетін еді. Ал біздің қазаққа "көш" десе: "Қазақстанда не бар? Босқа жұмыссыз қаңғып қаламыз. Көріп отырмыз ғой, кеткендердің қарық болғанын. Бізді күтіп отырған жоқ. Қытайдағы пенсиям жақсы. Жұмысым жақсы. Айлығым жақсы" деп 25 жыл ырғалды. Енді келіп, Қытайдың қылбұрауы мойынды қысып жіберіп еді, алдағы болашақтың шындығын ұққан сияқты. Көшіп келсе, көп дегенде 10-15 жыл қиналар еді. Мұндағы қазақтың да аузынан ақ майы ағып отырғаны шамалы. Есесіне, 10-15 жылда елге сіңісіп, ұрпағы қазақ қоғамының өркендеуіне жұмыс істер еді. Бұл табалау емес. Мүмкіндік болса, расымен араша түсу керек. Қажет болса, азаматтарымыздың атынан президент пен үкіметке Үндеу жазайық. Ал Қытайдағы қазақ мүмкіндігінше "жұмақ мекен" мен "жұмақ жұмысын" тастап, елге қайтуға әрекет жасасын.


Тоқтар Жақаш