26 қаңтарда ҚР Шекара қызметінің бұрынғы директорына қатысты сот ашық болады

Бұл туралы  ҚР Әскери сотының бас маманы Мақпал Мағзұмова айтты.

Оның сөзіне қарағанда, сот  отырысы 10:00-де мамандандырылған ауданаралық әскери сотында болады. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етеді.

Айта кетейік, Н. Жоламанов ҚР ҚК-нің 311-бабы, 5-бөлімі - пара алу және ҚР ҚК-ның 235-бабы, 3-бөлімі - бір немесе одан да көп қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару сияқты тармақтар бойынша айыпталып отыр.