"26 қарсыласын нокаутқа түсірген": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

BoxingScene мәліметінше, орта салмақта WBO чемпионы рингке 13 мамырда оралады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы – 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО).

12 раундтық жекпе-жек бокс кешінің басты айқасы болады. Алайда әзірге оның өтетін орны белгіленген жоқ.

Бастапқыда Әлімханұлы британиялық Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасу керек болған. Смит қаңтарда Крис Юбенкті (32-3, 23 КО) нокаутқа түсіріп еді, енді Юбенк келісімшарт бойынша қарымтаны талап етті. Осылайша, ол әзірге Жәнібекпен айқаса алмайды.