26 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді


Конституцияның Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар.

Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырылмаған.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты үндеу жолдады.

Сайлау  елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолына біріктіре түсеріне сенемін.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасына орай халқымызға жолдаған үндеуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қайта қаһарына мінген дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту президенті бастап елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұытпайық. Алдағы биік белестерменен асқақ асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиістіміз. Құзырлы органдар Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы еліміздің Конституциясына және Сайлау туралы заңға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты «иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, кезектен тыс президенттік  сайлауын  өткізген жөн деген пайымға келдім. Сайлау  елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолына біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.  Баршаңызға бірлік пен береке,  шаңырақтарыңға шаттық тілеймін», - деді Елбасы халыққа арналған үндеуінде.