26 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады

Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік пен шығыста кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысында, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейі құбылады. Іле өзенінің Қапшағай су қоймасынан жоғары тұсында су деңгейі төмендейді. Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының оңтүстігі тұсындағы бөлігінде Шардара су қоймасынан келетін ағын судың азаюы есебінен су деіңгейі төмендейді.