«Нұр Отан» партиясы Риддер қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Надежда Климованың айтуынша, партиялықтар бұл шаңғы жарысын ұйымдастыра отырып, тұрғындарды белсенді және салауатты өмір салтына тартуды көздеп отыр.
Еліміздің шығысында қысқы спорт түрлері бойынша спорт мектептері жақсы дамығаны белгілі. Олардың тәрбиеленушілері жыл сайын халықаралық олимпиадаларда аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді, олардың арасында әлемнің үздік шаңғышысы Алексей Полторанин, Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері Сергей Малышев бар. Сондай-ақ Қазақстан құрамасындағы танымал спортшылар - шығысқазақстандық Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард, Дмитрий Бамашовты және т.б. атап өтуге болады.