Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azatty ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін COVID19-ның таралуына бойынша жағдайға байланысты, Түркия тарапы 5 тамыздан бастап Қазақстан жолаушыларының кіруіне шектеулер енгізген болатын.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен келісім жүргізген. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады», - делінген ИИДМ хабарламасында.
Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.