-28 градус аяз: Мамандар алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым аймағында аяз күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сільеме жасап. .

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болжанады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында қар жауады. 22-24 қарашада еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қатты қар жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, елміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын күтіледі. Мамандардың болжамына сәйкес солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -17-28 градус аяз болады.