МСҚД департаментінің директоры Қайрат Қоңырбаев атап өткеніндей, бұл жерде су бұрқағындағы кафе салынып жатыр. "Бұрқақ кафенің ортасынан орын алып, су төбеден қабырғамен сорғалап ағатын болады ", -деді МСҚД басшысы. Ал кафенің қабырғасы мен төбесі шыныдан жасалады.
"Бұрын ол жерде бассейн және "заңды кафе" жұмыс істеген". Ол өзінің мәнін өзгертпейді, кафе болып қала береді. Кафе -бұрқақ жобасында басқа техникалық нысандар құрылысы қарастырылған.
Ал бұрын хабарланғанындай, құрылыс нысанының қоршауында бұрқақтың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деген ақпарат жазылған болатын. Онда кафе туралы ешқандай мағлұмат айтылмаған. Бұл тұрғындардың абыржушылығын тудырды, өйткені қоршаудың ішіндегі құрылыс көлемі көрсетілген ақпаратқа сәйкес емес.
МӘҚД басшысы айтқанындай, саябақта желілік құрылыс тұрғызылады. Онда бағаналар мен шыны күмбезі орнатылады. Ал тұрғындарды жаңылыстырған қоршаудағы жарнаманы қадағалау органдары түзеткізеді. "Біз оларды өзгертеміз. Мен олардың куәлігінде не жазылғанын оқымадым ", - деді Қ. Қоңырбаев.
Бұрқақ осы жылдың 6 шілдесінде жұмыс істей бастайды. " Қазақстанда болған қаржылық жағдайға байланысты олар құрал- жабдыққа тапсырма беруге үлгермеген. Онда музыкалық жарығы бар күрделі американ -неміс құрал жабдығы орнатылады. Менің пікірімше, 6 шілдеге дейін ол жеткізіліп толық орнатылатын болады ", - деп қорытындылады МСҚД бастығы.