28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.

Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде аталып өтіп келді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихына келер болсақ, елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданды. Ал 2011 жылдан аталып өткен журналистер күнін белгілеу алдында тілшілер қауымының арасында біршама пікірталас туындаған. Бір топ қазақ даласында сонау бір ғасырдан астам уақыт бұрын мамыр айында жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінің шығу төркіні құрметіне орай, тілшілер мерекесін мамыр айында белгілеуді сұраса, енді бірі журналистер күнін «Қазақ» газетінің тарихына икемдеуді ұсынған. Ал 2019 жылы Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болды.

Бүгінде еліміздің БАҚ өкілдері азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқара арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Тілшілер қауымына жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді.   

Журналистика – БАҚ құралдарының (интернет, баспа, радио, телевидение, сайт) көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу және тарату жұмысы. Журналистиканың ғылыми тәртібі баспаның дүниеге келуімен тікелей жолға қойылған. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында фото мен киножурналистика өмірге келіп, салаға тың тыныс әкелді. Ізінше 1920-1940 жылдары радио мен тележурналистиканың дәуірі басталды. Әлемдегі зерттеушілердің бір шоғыры журналистиканың екі бағыты барын айтады. Олар: зерттеу журналистикасы мен тергеу журналистикасы. Яғни зерттеуші журналист әдетте ашық ақпарат көздерімен, ал тергеуші журналист жабық мәлімет көздерімен жұмыс істейді.

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір болып табылады және оны қоғамдағы баспасөздің әсерін мойындай отырып, төртінші билік деп атайды. Бұл күшті түсіну қарапайымдылық пен оқырман алдындағы міндет сезімімен үйлесуі керек. Қай уақытта болмасың, журналистер жоғары деңгейдегі дәлдік пен бейтараптықтың, сондай-ақ әділ ойын ережелерін сақтаудың арқасында мойындауға ұмтылды.

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» – деп жазған Ахмет Байтұрсынов, қазақ қоғам қайраткері.

Қазақ ақыны Міржақып Дулатов: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты», – деп атап өтті.