Бұл туралы "Дау-дамайсыз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Гүлмира Абыкай өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Журналиске оралдық әскериден төмендегідей хат келген көрінеді.
"Гүлмира ханым, сәлеметсіз бе?
Миллион оқырман мен хаттың арасынан менің жазғанымды оқуыңызды Алладан сұрадым.
Бүгін Атыраудың Индер ауданында 30 жасар әйел шаранасын туып, туалетке лақтырып кетіпті.
Нәрестенің көрер күні бар екен, денесі жаурап қалғанымен дәрігелер оның өмірі үшін күресуде.
Көп адам осындай туалетке тастаған, мусорға лақтырған балалардың өмірі ары қарай не болады деп ойлайтын шығар?!
Соның бірі Мен өзіммін…
28 жыл бұрын, Орал қаласында мені туған анам мусорға лақтырып кетіпті.
Көп ұзамай сол жерден өтіп бара жатқан жақсы адамдар қыңсылаған даусымды естіп тауып алып ауылға әкепті. Ол кезде полицияға айту, құжат рәсімдеу жоқ болса керек мені 13 жыл бала көтермеген көршілерінің етегіне салыпты.
Сол кісілерді анам-әкем деп өстім. Тәубә, еш нәрседен тарықпадым, адам болдым, оқыдым, өстім. Асырап алған ата-анам өмірден өтті.
Сол кезде баяғыда мені тауып алған көршілерім ақиқатты айтып, қолыма бирка табыстады: Исмагулова Роза
01.05.1993, мальчик, деп жазылыпты. Қазір өзім үйлендім, 3 балам бар, әскери офицермін. Дегенмен, туған анаға деген сағыныш, оны табу , бір көру арманым! Оны Сіз орындайтыныңызға сенемін!
Анама еш өкпем жоқ, тірі болса көргім келеді, Балаларым тегін білсе деймін, бар арманым туған Анамды бір көру!
С/н туалетке тасталған бала.
Хатты өзім өңдедім, Орал қаласында роддом көп емес шығар. Мұрағат пен полицияға сұрау салдық. Бәлкім, менің Батыстағы оқырмандарым органнан жылдам шығар?!
Бір азаматтың арманын орындауға атсалысайық, ағайын", - жазды Гүлмира Әбіқай.