28-30-қыркүйекте "Астана Leisure - 2005" атты екінші халықаралық көрме өтеді



Қ.Өскенбаевтың айтуынша, көрмеге Венгрия, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Таиланд және Түркияның компаниялары қатысады.
"Әзірге көрме айтарлықтай ауқымды емес. Бірақ 5 жылдан кейін қатысушылар саны бірнеше есе артатыны даусыз",- деді Қ.Өскенбаев.
Сонымен бірге көрме аясында Қазақстанда туризм саласын кластер түрінде дамыту жөніндегі 7-ші конференция, сондай-ақ, туризм саласын дамыту, гранттар мен инвестициялар тарту үшін бизнес-жоспарлар жасау мен инвестициялық жоспарлар жасау жөніндегі семинар өтеді.
Көрме бүгін, 27-қыркүйекте атап өтілетін бүкілдүниежүзілік туризм күні аясында өткізіліп отыр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті