29 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,95 теңгені құрап, тағы 0,51 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,84 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).

Қытай юанінің бағамы 71,63 теңге болды (+0,26).

Айырбастау пункттерінде доллар 484,2–487,7 теңге аралығында сатып алынып-сатылды, еуро – 564,4–570 теңге, рубль – 6,54–6,67 теңге деңгейінде болды.

Сонымен қатар, 29 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Атап айтқанда, ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері 0,10%-ға арзандап, барреліне 92,61 долларды құрады.

NYMEX биржасында WTI мұнайының шілде фьючерстері 0,11%-ға төмендеп, 88,80 доллар болды.