29 сәуір - халықаралық би күні

Жан-Жорж Новер (1727 жылдың 29 сәуірі - 1810 жылдың 19 қазаны) - француз балетмейстері, Л.Дюпренің ізбасары. Сахнаға биші ретінде шықты және Лондондағы «Друри-Лейн» театрында балет труппасына жетекшілік етті. Новер батырлық балетін және трагедиялық балеттің қағидаларын әзірлеп шығарды.

Халықаралық Би күні би өнерін  насихаттауға қызмет етеді.