29 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұр

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 08:00–ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Атырау облысы

Ақтөбе облысы

Қостанай облысы

Жүк көліктері қозғалысын шектеу

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы

Қызылорда облысы

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Жабық жолдар

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

Атырау облысы

Маңғыстау облысы

Жетісу облысы

Ал Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Автор: Caravan.kz