Күдікті 30-тамыз, дүйсенбіде Үшаралдың орталық базарында қолға түсті. Оның қолынан 5 мың теңгелік бірнеше жасанды ақша шықты. Тергеу барысында белгілі болғанындай, екі күнде 29 жастағы Алматы тұрғыны 290 мыңдай теңгені сатып үлгерген. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан 6 кәсіпкер зардап шеккен.
Қазір қылмысқа айғақ заттар алынып, күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жасанды ақша қай жерде жасалғанын, заңсыз айналымда қаншасы жүргенін анықтау үстінде.