29-30 мамырда Берлин қаласында Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

28 мамыр жұма күні кешке Батыс Еуропа қазақтарының мәдениет және спорт фестивалінің ресми ашылуы өтеді. Оған шетелдік қазақтар мен елімізге ниеттес неміс жұртшылығы және БАҚ өкілдері, Қазақстаннан және Еуропа елдерінен ресми делегация мүшелері шақырылған. Сол күні атажұрттан келетін өнерпаздардың күшімен Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінде коктейль-концерт ұйымдастырылады.