2-Екібастұз ЖЭС үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландыру нұсқасы нақты анықталған жоқ - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

"Қазір жобаны қаржыландырудың әртүрлі жолдары қарастырылып жатыр. Еуропалық қайта құру және даму банкі мынадай кесте ұсынды. Өзіндік қаражатқа қарыз қаражатын қосу. Екінші жол - қаражатты толығымен қарызға алу", - деді Д. Тұрғанов.