Жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиғаны өткен хабарларымызда көрсеткен едік. 23-тегі жігіт жеке шаруаларымен Қарағандыдан Семейге келген. Көшеде ол 29 жастағы әйелмен танысып, кешкісін соның үйінде келіншектің күйеуі және оның досымен кездесулерін арақпен атап өткен. Аздан соң араларында кикілжің туып, қонақ тысқа шығып барлығының ұйқыға кетуін күтеді. Сосын түн ортасында қайта үйге кірген қылмыскер жайбарақат жатқан үшеуін пышақтап тастаған. Артынша азғын жан тапсырған әйелмен жыныстық қатынасқа түсіпті. Сот бүгін қанышердің қылмысын мойындағанын ескеріп, оны өмір бақи түрмеге отырғызбайтын болып шешті.