"Ирактың қақтығыстар болып жатқан аймағынан шығарылған қазақстандық төрт азамат Отанға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылғы әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы бар. Тағы да үш бала мен олардың анасы - Ресей азаматшасы Грозныйға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар сол жақта тұрып жатыр. Екі отбасы да - Ақтау қаласының тұрғындары", - деді Әнуар Жайнақов.
Министрдің айтуынша, қалған қазақстандықтар әлі уақытта дейін Иракка қалып отыр. "Иорданияғы Қазақстан елшілігі мен Ирак өкілері қалған адамдарды эвакуациялау мәселесін шешіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлайтын боламыз", - деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. Осыған дейін Сыртқы істер министрлігіндегілер қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындықтың жүріп жатқанын хабарлаған болатын.