3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған әкім парамен ұсталды

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Мақтарал аудандық сотының судьясы Сейілхан Мұсабеков хабарлады.

Әкімге "Пара алу" бабымен айып тағылған. Соталды тергеу жүріп жатыр. Сотта қала басшысы 13 миллион 500 мың теңге тұратын үйін кепілге қойып, бостандыққа шықты. 

Айта кетсек, 2017 жылдың қаңтарында Байдуалы Базарбаев Жетісайдағы заманауи қоғамдық әжетхананың ашылу салтанатына қатысқан еді. Нысан үш миллион теңгеден аса қаражатқа салынған. Сол кезде қолданушылар мұндай қымбаттылығына мән берген еді.