3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады


Қостанай облысында, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейіп, көк тайғақ болады. 

Павлодар облысында боран, кей жерлерде көк тайғақ, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады. 

Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көк тайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей аймақтарында 15-23 м/с жел соғады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көк тайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көк тайғақ болып, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады.

Алматы облысының кей аймақтарда 17-22 м/с дейін, Алакөл ауданында жел 20-25 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.