3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Қарағанды ​​облысының кей жерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.