Қазір агенттік қазақстандық азаматты қалайда ғарышқа ұшыруға барынша күш салып жатыр. Іріктеуден өту де оңай емес. Оның үстіне үміткер мемлекеттердің саны тым көп. Айта кетсек, бұған дейін елімізден екі бірдей ғарышкер - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов көкке самғауы тиіс болған. Алайда, қаржыландыру аяқ асты тоқтағандықтан, бастама жарты жолда қалды. Тіпті шенеуніктерден көңілі қалған Аймаханов Ресей азаматтығына өткен болатын. Осы оқиғадан соң үлкен дауға қалған «Қазғарыш» енді олқылығын түзетуге кіріскендей. Бірақ, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтан кейін космосқа кімнің ұшатыны әзірге белгісіз.
Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:
-Бірнеше жылдан бері кезекке қойып, дайындап отырған ғарышкерлеріміз бар. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ол ойдағыдай аяқталса, 2017-інші жылы өз ғарышкерімізді ұшырамыз.