"Үкіметтің үлесі 25% + 1 акция көлемінен аспаған жағдайда тиімді болады деп ойлаймыз",- деді үкімет басшысы.
Мемлекет жобаларға сан алуан түрде қолдау көрсетеді, деді К.Мәсімов. "Атап айтсақ, тікелей және интеллектуалдық инфрақұрылым нігізін қалау, мемлекет тарапынан кепілдік беру немесе кепілгер болу жолдарымен қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге кәсіпкерлермен тәуекелді бөлісудің басқа да қосымша тәсілдері пайдаланылады. Мәселен, экспортты сақтандыру тәртібін енгізу межеленген",- деді үкімет басшысы.
Сонымен бірге үкімет басшысы "мемлекет тарапынан мемлекетаралық сауда келісімін жасасу мен оған дайындық және отандық экспортқа қолдау көрсету жолымен саяси қолдау да көрсетпекші", деп атап өтті.
"Мемлекеттің қолдауы ашық әрі бұрын белгіленген принциптерге сәйкес көрсетіледі",- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті