"30 мың теңге": Арыста имамдар жаназа шығаруға ставка тігеді екен

Бұл туралы өзінің парақшасында журналист, қоғам белсендісі Әуелхан Назарқасымұлы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің Арыста участкелік имамдар жаназа шығаруға 30 мың теңге деген ставка қойып қойыпты.

Неге деген сұраққа "беташарға" да бересіңдер ғой деген уәждері дайын дейді.

Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші?

Тұра бара жағдайы жоқтар жаназасыз кететін түрі бар қысқасы.

Бұрындары қазіргі қаланың Бас имамының алдында екі азамат қызмет еткен. Олар бар кезде осылай жаман аттары шықпаған болатын учаскелік имамдар арасында. Бәленің барлығы қазіргі Бас имамда ау деп отырмын".