30 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасап жүрген полицей ұсталды


30 жастағы жол сақшысы болашақ жүргізушілерден емтихан қабылдайтын комиссия құрамында болса керек. Қазір жүйелі түрде пара алу деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, жемқор қамауға алынды. Ал жүргізуші куәлігін сатып алған 3 адамның құжаттарының күші жойылады.