30 наурыздағы түскі саудада доллар тағы да құлдырады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 65,08 теңгеге (-0,33) түсті.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 486,91 теңге, рубль – 5,83 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448-453 теңге, еуро 481-491 теңге, ресей рублі 5,65-5,95 теңге аралығында сатылуда.


Мұнай қымбаттап барады. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 77,64 долларды құрап, 0,06%-ға, WTI мамыр айындағы фьючерстері 0,11%-ға, 73,05 долларға дейін өсуде.