30 сәуір күні республиканың кейбір аймақтарында жауын-шашын болады


Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облыстарында жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Атырау облысының кейбір аудандарында 17-22 м/с болатын қатты жел тұрады. Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с екпінмен соғады.