Caravan Logo

30 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

30 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Тек, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан,Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, бұршақ болуы ықтимал.


Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, бұршақ болуы ықтимал.

Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.