Басылымның мәліметтері бойынша, өткен жылдың маусымынан биылғы жылдың маусымына дейін Бибер шамамен 80 млн. доллар пайда тапқан. 20 жастағы поп-орындаушыға кірістерінің негізгі сомасы әлемдік турнеден түскен.
Бұл рейтингтегі он орынның тоғызында музыканттардың есімдері аталған. Екінші орында британдық One Direction поп-тобы. Бір жылда ұжым 75 млн. доллар пайда тапқан. Топтағы музыканттардың орташа жасы - 21.
Көш бастаған үштікте 24 жастағы америкалық орындаушы Тейлор Свифттің есімі де бар. Музыканы кантри стилінде орындайтын оның кірісі 64 млн. долларды құрады.