30 жыл отасқан күйеуін ұрып өлтірді


Күдікті қылмысын бірден мойындады. Айтуынша, түнде сарайға кіріп, ұйықтап жатқан күйеуінің басынан бірнеше рет темірмен ұрыпты. Қанды қылмысқа ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің себеп болған. Ұл-қыздары әлдеқашан ер жетсе де, араларындағы ұрыс-керіс тоқтамаған көрінеді. Ақыры күйеуінен мезі болған әйел қолын қанға былғаған.