"300-ге жуық сурет, ине, қан, сасып кеткен шаш таптық": Айгүл Иманбаева өзіне дуа жасалғанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол "Talk Like" ютуб арнасына берген сұхбатында дуаның жаңадан ашқан кафесінде жасалғанын айтты.

"Кафеде әйелдердің дәретханасына кірген кезде апаттық есік бар. Онда құбырлар бар. Ол жабық болатын, бірақ ылғи ашылып қала беретін. Шаруашылықпен айналысатын ағайға "жаман көрінеді екен, шегемен болсын жауып тастаңызшы" дедім. Ол кісі қоқыс жоқ па екен деп қолымен қарап салып еді оралған бума қағаз таптық. Ашып қарасақ, менің және құрбым Ұлдар екеуміздің суретіміз. Менің, оның жүрегіне, асқазан, қуық бөлігіне ине қадалған. Доллардың суреттері бар. Екеуміздің арамызды жақсылап тұрып бөлген. Шынымды айтсам, ондайды тек кинодан ғана көргенмін. Айнаның, құбырдың артынан, әр жерден түрлі сурет таптық. Тіпті жұмыс біткен соң қарауды әдетке айналдырдық. Қазан айынан Ораза басталғанша 300-ге жуық сурет, ине түйреуіш, топырақ, қан, сасып кеткен шаш таптық. Жұмыс жүрмейді. Түгел минусқа кеттік", - дейді ол.