"300 генератор, 200 резеңке етік, моторлы қайық сұрады": Қостанай облысы әкімінің орынбасары қайырымдылық қордан көмек сұраған

Бұл туралы "Biz Birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының төрағасы Перизат Қайрат "Ашық алаң" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Техника расымен жетіспей жатыр. Біріншіден, үлкен моторлы қайықтар жоқ. "Biz Birgemiz Qazaqstan" қоры бір Қостанай облысының өзіне 28 моторлы қайық, ал бүгін күндізгі 3-те Батыс Қазақстан облысына қалаға су кірді деген соң ең үлкен деген 120 моторлы қайық, суды соратын насостар сатып алдық. Эвакуацияға тікұшақтар жетпей жатыр. Қарапайым ғана, қапшыққа құм салып суды бөгеу үшін күректер жетіспейді. Біз 8 облыс бойынша 98 мың қапшық, 37 мың күрек сатып алдық. Су өткізбейтін гидрокостюмдер мен резеңке етіктер жетіспейді. Қостанай облысына 480 резина етік кетті. Бүгін Қостанай облысы әкімінің орынбасары хабарласып, облыстың солтүстігіне қауіп төніп тұрғанын айтып, 300 генератор, 200 резеңке а етік, моторлы қайық сұрады", - дейді қоғамдық қор басшысы.