Қылмыскерлердің аты-жөні нақты анықталды. Соның ішінде адам ДНК-сына жасалған сот-биологиялық сараптама қорытындысы да оны растады, дейді бас прокуратурадағылар. Өзбекстан бас прокуратурасы ғимаратының фойесінде жанын пида еткен адам - 1966-жылы туған Тараз тумасы әрі тұрғыны Авасхан Шаюсупов болып шықты. Ташкенттегі Израиль елшілігінің жанында өзін-өзі жарып жіберген де Тараз тұрғыны, 1976-жылғы Мавлон Валиев екен. Тағы бір жанкешті - 1972-жылы Семейде туған, Атырау тұрғыны Дулат Ысқақов есімді адам көрінеді. Ол АҚШ елшілігінің жанында өз-өзін жарып жіберген. Үш жанкешті де Қазақстан азаматтары.
Осынау лаңкестік әрекеттер салдарынан нысандарды қорғаушы Өзбекстан ІІМ-нің үш, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапқан. Жеті адам, соның ішінде қарапайым азаматтар түрлі дәрежелі жарақат алды.
Бұған дейін ҚР ҰҚК 30-шілдеде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттердің бірін А.Шаюсупов жүзеге асырды деген ақпаратты растаған болатын.