31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Тоталитаризмнің қанды шеңгелі қазақ зиялыларының да әйелдерін айналып өтпеді. 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген Алжир лагерінде 20 мыңға жуық әйел қамалып, 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Репрессия жылдары бүкіл елде 953 лагерь болса, Қазақстанда ГУЛАГ-тың 20-дан астам лагері орналасқан екен.

1930-1953 жылдары 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе, Кеңес Одағы құрамындағы халықтың бетке ұстар интелегенциясы заңсыз жазаланды. Бұл кезде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Адамзат тарихында ешқашан болмаған қанды қырғында Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б. көптеген саңлақ солақай саясаттың құрбаны болды.

1997 жылы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Тәуелсіздік жылдары 340 мыңнан астам азамат ақталды. Кешегі ерлердің ерен еңбегі – бүгінгі елдіктің бастауы! Азаттық жолында жанын қиған боздақтардың асқақ рухына мың тағзым, ерлігін ешкім ұмытпауға тиіс!