«Жыл басынан бері мемлекет жерін түгендеу шарасы бойынша мынадай шаралар қолға алынды: бірінші – келіссөздер мен ескертулер нәтижесінде 762 мың 500 гектар алқаптағы 3064 субъекті жерді пайдалана бастады; екінші – 1098 субъектімегн бекітілген келісімдер біржақты тәртіпте бұзылып, 317 мың 400 гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды», - деді Б.Жәмішев.
Министрдің айтуынша, 476 мың 400 гектар алқап қожайыны табылмағандықтан иесіз мүлік ретінде тіркелді. 1 млн 544 мың 600 гектар алқапты пайдаланбаған 2395 субъектіге жазбаша ескерту жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жерді тиісті мақсатта пайдаланбаған азаматтарға жалпы 4 млн 170 мың 800 теңге көлемінде айыппұл салыныпты.
Ал, тұрғын үй салу мақсатында берілген 17 мың 232 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деді Б.Жәмішев.