31-арнада тұсаукесер: 25-қазаннан бастап «Ханшайым» телехикаясы көрерменге жол тартады

Махаббат пен өшпенділік, қуаныш пен қайғы, үміт пен күдік арбаған жалғанда арманыңды ұрлатпау үшін қайтпек керек?! Бақыттың кілті: сүю және сүйікті болу. Алайда ол екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақ. Әсіресе, өмірлік жарыңды тауып, ақ отау құруға өзге емес, өз анаңның қарсы тұруы қандай өкінішті... Тағдырдың тауқыметін тартса да мойымай, айналасына шуақ шашқан жандарды біреулер батырым десе, ал ауылдастары оны Ханшайым деп атауды жөн көреді.

31-арнада «Ханшайым» телехикаясын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 21:00 де көре аласыздар!