Зілзаладан аман қалғандардың түрлі оқиғалары әлі де әлем жұртшылығын таң қалдырып жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
BBC ақпараттық агенттігі 12 жастағы Фабиана есімді қыздың адам сенгісіз оқиғасын баяндады.
"Мен жер сілкінісі басталған кезде, үйдің қабырғаларының бәрі шатынап, тіліне бастағанын өз көзіммен көрдім. Сөйтіп еденге құлап түстім, мен енді үйіндінің астында қаламын, өлемін деп ойладым", - дейді 12 жасар қыз.
Апат басталған кезде қыздың анасы жұмыста болған. Ол бәрін тастай салып, үй аумағына келгенде, тек үйіндіні көрген.
"Мен үйдің ана шеті мен мына шетіне жүгіріп, менің қызым өлді, өлді" деп айғайлаумен болдым", - дейді анасы.
Фабина үйіндінің астында, кішкентай екі саңылаудың астында қалған. Ол сырттан келген дыбысты еш естімегенін айтады.
"Менде үміт болды. Менің бір аяғым бүгіліп қалғаны сонша, қатты ауырсынды. Бірақ мен аяғымды түзетіп қоюға тырыстым, сөйтіп тіпті аяғымды тіліп те алдым. Бірақ бір қызығы кетчуп пен үккіштен өткен сырды таптым. Осы екеуі менің есімнен таңуымнан алып қалды", - деді ол.
Құтқарушылар қызды таппағанымен, ол үйінді астында өзінің ұялы телефонын тауып алған. Алайда ұялы байланыс болмаған. Десе де жеткіншек видео жазып, оны анасына жібермек болған. Нәтижесінде қызды еріктілер зілзаладан кейін 32 сағаттан кейін тауып,